Қостанай облысында 500 домбырашы бір мезетте күй ойнады
15:34, 04 Мамыр 2019
АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге облыстардың делегаттары, өнер қайраткерлері қатысты. Қызғалдақтар фестивалінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 500 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Мұны белгілі дирижер, ауданның құрметті азаматы Сапар Ахметжанов ұйымдастырды.
Іс-шараның түстен кейінгі бағдарламасында ақындар айтысы, ұлттық ат спорты ойындары мен қызғалдақ түріндегі киімдер сайысы жоспарланған.