Лилия Александровна Сульз 1956 жылы туған, Қостанай ауданындағы Суриковка ауылында тұратын.
10 мамыр күні үйінен шыққан әйел содан бері қайтып оралмаған.
Осыған байланысты облыстық полиция Лилия Сульзға іздеу жариялады.
Бойы - 160-165 см, денесі толықша келген, шашы ақ.
Полиция жоғалған зейнеткер жайлы қандай да бір ақпарат білетін жандардың мына нөмірлер арқылы хабар беруін өтінеді: (8-7142) 52-62-18, 52-61-12, сот. 8-747-655-21-63.