Оқиға Жангелдин ауданына қарасты Сопылы елді мекенінде болған. Ұсталған екі браконьер Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының тұрғындары болып шықты. Полицейлер күдіктілер мінген «Нива» автокөлігінен екі аңшы мылтығын, 133 оқ, 2 ақбөкен мүйізін алып шыққан.
«Көлік жүксалғышынан спорт сөмкесі мен егеу табылды. Полицейлер көлік ізімен жүріп отырып, 3 ақбөкен өлігін анықтады. Ақбөкен өліктері сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынып, ұялы телефондары тексеріліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде», - деп мәлім етті Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мұндай оқиға облыста жыл басынан бері екінші рет тіркеліп отыр