«Облыста апатты және үш ауысымды мектеп жоқ екендігін атап өткім келеді. 78 білім беру нысанында күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.
«Осы мақсатқа 2,6 млрд теңге көзделіп отыр. Аталған қаражатқа спорттық жабдықтармен жарақтандыру қамтамасыз етіледі. Оқушы жиһазы жаңартылады. Оқу кабинеттері, STEM зертханалар, блокты-модульдік қазандық және қазандар, турникеттер мен бейнебақылау жүйелері, оқу зертханалары және тағы басқалар сатып алынады», - деді Архимед Мұхамбетов.