Облыста «7-20-25» іске асыру шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге 392 млн теңгеге 49 өтінім түсті, оның ішінде 299 млн теңге сомасына 39 өтінім мақұлданды. Осы тұрғын үй бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы әкімдерге жергілікті бюджеттен жеңілдікті ипотека бойынша бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау мәселесін зерттеуді тапсырған еді.
«Қазіргі таңда Астана мен Шымкентте пилоттық режімде 2 жоба - бюджет саласының қызметкерлері үшін «Қамқор баспана» және жас отбасылар үшін «Жас арман» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың басты артықшылығы - баспана құнының 20% төлеген кезде, 10%-ын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Осы тәжірибені зерттеп, оны облыс аумағына енгізуіміз қажет», - деп хабарлады Н.Қатарбеков.
«2018 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында облыста 290,9 мың шаршы метр баспана салынған. Бұл өткен жылғыдан 10% жоғары. Біз жыл сайын тұрғын үй құрылысын 3500 пәтерден 4500 пәтерге дейін 10% өсіруді жоспарлап отырмыз», - деді Қатарбеков.
Қазіргі таңда облыста Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр. «Солтүстік-Батыс», «Алтын-Арман», «Жаңақала», «Аэропорт», «Юбилейный» шағын аудандарының аумағында жаңа үйлер салынуда.