«27 сәуір күні сағат 15:36-да «101» пультіне Федоров ауданының Федоровка ауылындағы Жеңіс көшесі бойында, бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Жалын 2 гектар аумақтағы құрғақ шөпке тез тарады«, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қалың түтін салдарынан өрт сөндіру жұмыстары қиынға соғып жатыр.