Қостанай облысында астық алқаптарының 80 пайыз аумағы жиналды
08:17, 09 Қыркүйек 2010
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Ең соңғы ақпараттарға сүйенсек, Қостанай облысындағы егін алқаптарының 3,435 млн. гектары жиналды, бұл барлық аумақтың 80,4 пайызын құрайды.
Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің маманы Нина Бердышеваның айтуынша, жиналған астық 2,605 млн. тонна болған. Қолайсыз ауа-райы жағдайларына қарамастан бір гектардан 7,9 центнер астық алынып, орташа көрсеткіш мөлшерін сақтап тұр.
Әулиекөл, Қостанай және Алтынсарин аудандарының диханшылары егін науқанын аяқтауға жақын.