Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдер екінші тоқсанға қабылданады.
«1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруші ЭЦҚ-мен электронды үкімет порталына кіріп, АӘК-ке өтінім бере алады. Мүмкіндігі жоқ, яғни компьютері немесе интернеті жоқ адамдар жұмыспен қамту бөліміне, жұмыспен қамту орталығына немесе өздері тұратын ауылдық округ әкімдігіне жүгіне алады. Немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына барып, осы қызметті алуға болады», – деді М. Устинов.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде атап өткендей, онлайн өтінім беру коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жасалды. Құжаттар egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.