Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыста 16 техника мен 16 адам кезекшілік етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 10:00-ден бастап күннің бұзылуы, желдің күшейіп, боран соғуына, соның салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар Жезқазған – Петропавл жолының 252-340 шақырымындағы учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды, - деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Бұған дейін облыстың 13 ауданында қарлы боран салдарынан 82 елді мекенге қатынайтын жолдар болмағаны хабарланған болатын.