Кәкімбековті Михайловск ауылдық округінің әкімі қызметінен босату фактісін аудандық әкімдіктің кадрлар бөлімі растады.
Дәл осы жерде Әділбек Кәкімбековтың шығарылған шешімге наразы екені белгілі болды. Экс-әкім шешімнің үстінен шағым түсіріп, сотқа жеткізбек ойда.
Еске салайық, Меңдіқара ауданы Михайловск ауылдық округінің бұрынғы әкімі Әділбек Кәкімбековке қатысты тәртіптік іс Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында талқыланған еді.