Қостанай облысының полиция департаменті бұл фактіге түсінік берді.
«27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған қыздың денесін тапты. Қазіргі уақытта полиция осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады»,-деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аймақтық БАҚ-тың хабарлауынша, желіде қыздың денесі табылған жерден видео тараған.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.