Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше 18:20-да «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» тасжолында болған.
«Volkswagen Polo» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан «ПАЗ» автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан «Volkswagen Polo» жүргізушісі әртүрлі жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Автокөлік жолаушысы ауыр дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» делінген ведомствоның ақпаратында.
Осы дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.