Қостанай облысында әйел түрмеге гашишті темекіге салып өткізбек болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазасын өтеушіге әкелінген сәлемдемені тексеру барысында УК-161/4 мекемесінің қызметкерлері «СlASSIC» маркалы темекіден есірткі заттарын тапты. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінен хабарлады.

«Мұндай есірткі жеткізудің айлалы тәсілін қолдану жаңалық емес, яғни, жиі кездеседі. Тексеру барысында мекеме башылары есірткіні тауып, қырағылық танытып жатады. Бұл жолы сот-химиялық сараптама тәркілеген есірткінің жалпы салмағы 70 грамм болатын әсері күшті гашиш екенін анықтады», - деп атап өтті Қостанай облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Т. Көнекбаев.

Қазір заңнамаға сәйкес қылмыстық іздестіру органдары колонияға есірткі мен сәлемдеме жеткізген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Оған қатысты елден сыртқа шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шаралары қабылданды», - деп қосты Т. Көнекбаев.