Қостанай облысында балалар үйлерінің саны қысқарып келеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында балалар үйлерінің саны қысқара бастады. Өткен жылы Федоров ауданындағы балалар үйі жабылса, биыл осындай мекеме Қостанай облысында жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы мәселеге байланысты таратылған ақпараттарға қарағанда, соңғы уақытта балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін асырап алушылар саны артқан. Мысалы соңғы 5 жылда 1,5 мың бала жаңа отбасына барды немесе өз ата-анасының қамқорлығына алынды.

Соңғы 7 жылда ата-ананың қамқорлығынан айырылған балаларға арналған 4 ұйым жұмысын тоқтатқан. 2017 жылдың өзінде балалар үйлерінен 94 бала кеткен. Олардың 10-ын асырап алған, тағы 10 бала патронат ата-аналардың қолына берілсе, 60 бала өз отбасына оралған.

Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы 14 интернатта 761 бала тұрып жатыр. Тағы 1,5 мың бала отбасының қасында.

«2017 жылы Федоров ауданындағы балалар үйі жабылды. Биыл Қостанай облыстық балалар үйі жұмысын тоқтатты. Соңғы 5 жылда 366 бала отбасына қамқоырлығына алынды. 778 бала өз отбасына оралған. Қазақстан азаматтары 320 баланы асырап алды»,-дейді Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекшісі батима Даумова.