«Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы Тарановск ауданының Береговое ауылынан 5 шақырым жерде түрған Жалтыр көлінен 28 жастағы азаматтың мәйітін алып шықты», - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.
Ведомствода мәлім еткендей, ер адам балық аулап жүріп суға батып кеткен. Қолында жеке құтқару құралдары болмаған.