«Қостанай облысындағы жолдардың барлығы дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жабық. Облыстық маңызы бар жолдарға арнайы қар тазалайтын техникалар жұмылдырылған. Барлық жол қызметтері күшейтілген тәртіпке ауыстырылды. Күн райы -38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде», - деп мәлім етілді ведомствода.
Ал республикалық маңызға ие жолдарға жауап беретін «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының хабарлауынша, 21 қаңтар күні сағат 23:00-ден бастап дизельді отынмен жүретін көліктер үшін «Қостанай-Ұзынкөл» (СҚО шекарасына дейін), «Қостанай-Сарыкөл» (СҚО шекарасына дейін), «Қостанай-Әулиекөл» (Ақмола облысының шекарасына дейін) бағыттарында жол жабылған.
Еске салсақ, ауа райының күрт суытуына байланысты Қостанай облысында бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмады.