Қостанай облысында белгісіз біреу орта мектепті «миналады»

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Кеше сағат 11.00-де Қостанай облысы Денисов ауданының Перилески кентіндегі орта мектептің әкімшілігіне мектеп ғимаратына бомба қойылғандығы туралы анонимді қоңырау түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел әрекеттер қабылданып, оқиға орнынан 32 адам көшірілді. Арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ.