Қостанай облысында бес автокөлік соқтығысып қалды

АСТАНА.  Желтоқсанның  16-сы.  ҚазАқпарат -  Қостанай  облысында бес   автокөлік соқтығысып қалды,

 деп хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

 Жол  апаты сейсенбі күні сағат 8.55-те   Қостанай-Әулиекөл-Сурган  тас жолының  71-ші  шақырымында    тіркелді.    «Фольксваген» маркалы  үш  автокөлігі мен «Ауди» және  «ВАЗ» маркалы   көліктер    жол-көлік оқиғасына   ұшырады.

 Оқиға салдарынан «Ауди»  көлігінің   жүргізушісі  мен    жолаушысы   ауруханада қайтыс болды, «Фольксваген» көліктерінің біреуінің  жүргізушісі мен қалған  екі көліктің   жолаушылары  ауруханада  жатыр.