Қостанай облысында бұрқасын мен көктайғақтың салдарынан «КамАЗ» жыраға құлап кетті
10:31, 05 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Қостанай облысында 4 желтоқсан күні сағат 09.15-те «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 663-шақырымында «КамАЗ» көлігі жыраға құлап кетті.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, сағат 12.40-та Сарыкөл аудандық ТЖБ-нің күшімен (2 адам мен 1 техника) көлік жол бойына шығарылып, өз бағыты бойынша аттандырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.