20 қаңтар күні түнде құтқарушыларға Арқалық қаласынан 35 шақырым жерде 88 жастағы зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі.
«19 қаңтарда сағат 23:20 шамасында зейнеткер танысының үйінен шығып, Мичурин көшесіндегі өз үйіне бағыт алған. Алайда, ол жолда адасып кеткен. Хабар алған құтқарушылар тобы УАЗ және жол талғамайтын Марш-Бронто көлігімен зейнеткерді іздеуге шығады. Екі сағаттан соң ол Ашутасты ауылынан 2 шақырым жерде табылған. Зейнеткер тізесіне дейін қарға батып, өздігінен қозғала алмай тұрды», - деп хабарлады Шмидт.
Үсік шалған зейнеткер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.