Қостанай облысында далада қатып қалған екі адамның денесі табылды

None
АСТАНА. Желтоқсанның  21-і.  ҚазАқпарат -  Қостанай  облысының Меңдіқара ауданында     далада қатып қалған  екі   ер  азаматтың  денесі  табылды,

 деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

35 және 44 жастағы    екі   азамат  боран  кезінде жоғалып  кетіп, оларды  іздеу  шараларына   23 адам және 9 техника жұмылдырылған.

Суықтан  қатып  қалған  екеудің   денесі   кеше,  желтоқсанның 20-сы    табылды.