Қостанай облысында екі бала ыстан уланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әулиекөл ауданында екі балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында болған.

«Жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің ақаулығынан (тартқыштың болмауы) тұншықтырғыш газбен уланған 2012 және 2014 жылы балалар ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

ТЖД баспасөз қызметінде айтылғандай, жуырда Әулиекөл ауданы, Калинин ауылында бойжеткенге иіс тиіп, уланып қалған болатын. Оның жағдайы бірқалыпты.