Ал Әулиекөл-Диев бағытында айналма жол салынып жатыр. Сондай-ақ, бүгін Ресеймен шекаралас Жел-қуар өткізу қосыны аумағында су деңгейі күрт көтеріліп, жол бойындағы құбырларды бұзып кеткен. Соның салдарынан көрші елге барар бағытта жүріп-тұруға шектеу қойылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары «Жел-қуардағы жағдай екі-үш күнде қалпына келтіріледі» - деп отыр. Олардың айтуынша, мұндай келеңсіз оқиға бұған дейін де болған.
«Ол жерге уақытша құбырлар орнатылады. Судың өтуін қамтамасыз ететін басқарманың жоспары бойынша ол жерге шағын көпір салынатын болады», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім жетекшісі Аслан Ахметжанов.