Қостанай облысында электровоз рельстен шығып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 27 қазанда Таран ауданында жүк тиелген электровоз шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таран ауданындағы  Тобыл стансасында №519 электровоз рельстен шығып кетті. "Қостанай-Астана" бағытына шыққан электровоз құрамында 61 вагон болған", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, шойын жолдағы металл заттардың кедергі келтіруінен электровоз тайып кеткен. 27 қазанда түнде жол қалыпқа келтірілді.

Оқыс оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.