Қарабалық ауданында полиция қызметкерлері екі браконьерді қолға түсірді. Облыстық ІІД басқармасының бастығы Елена Кашаринаның сөзіне қарағанда, олар елікті Қарадұм орман шаруашылында атқан. Олардың автокөліктерін тексеру барысында ТОЗ-63 маркалы қару, оқтар мен елік еті табылды. Олардың әкелген зардабы 140 мың теңгені құрап, аңшылардан қала сыртына шықпау туралы қолхат алынды.
Амангелді ауданының аумағында полицейлер «УАЗ» автокөлігін тоқтатып, 3 үлкен және 2 жас қабанның етін тәркілеген.