Қостанай облысында ер адам суға батып кетті

None
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Черняевка ауылында кеше сағат 02:30-да Қарасу өзенінен өтпек болған 24 жастағы ер адам абайсызда суға құлап, батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оның денесін судан полиция қызметкерлері алып шықты. ТЖ орнына Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі ТЖБ-нің 2 адамы мен 1 техникасы шықты.