«26 наурыз күні «Торғай - Шилі - Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Аталған жерде полиция бөлімінің қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етуде.