Сергей мен Людмила Дубровскийлер мен Сергейдің егізі ауыр халде Қостанай облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ерлі-зайыптылардың терісінің 85 пайызы күйген. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 48 жастағы отағасының беті, басы, мойыны, арқасы және аяқ-қолы күйген. Оның егізінің бет, бас, мойын, арқа, кеудесін күйік шалған, желке тұсы ашық жарақаттанған. 47 жастағы әйелдің де беті, басы, арқасы, аяқ-қолы және тыныс алу жолдары күйген.
Дәрігерлер науқастардың жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Оқиға салдарынан зардап шеккендердің жеке үйінің үш қабырғасы құлаған, 80 шаршы метр аумақ өртенген.
Белгілі болғандай, Сергей Дубровский балық аулаймын деп сатып алған салмағы 5 келі кішігірім газ баллоны жарылған. ТЖД мамандары жарылыс себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккендердің туыстары жерлестеріне «кез келген топта және кез келген резус-факторда» қан тапсыру туралы өтініш жасады.