АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылып, тұтас үй қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«30 қараша күні шамамен 17.00-де Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйде газ баллоны жарылды. Салдарынан тұрғын үй қирап, 20 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт 18.02-де тоқтатылды және 18:37-де толықтай сөндірілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары қираған үйінді астынан 1963. 1980 және 1989 жылы туған үш адамды алып шықты. Үшеуі де ауруханаға жатқызылды.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.