2018 жылдың 1 шілдесінде Арқалық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынды өлтірген 31 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Алайда, қылмыскер сол уақыттан бастап жасырынып жүрген.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында Арқалық қаласы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері кісі өлтірген қылмыскерді ұстады. Қазіргі уақытта ол Арқалық АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Мейрам Базарбаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыс аумағында 37 қылмыскер ұсталды.