Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Амангелді ауданының Қарасу ауылында болған.
«Жалдама өзеніне батып кеткен 1935 жылы туған ер адамның денесін туыстары тапты. Ол белгісіз себептермен түн ортасында үйінен шығып кеткен», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.
Зейнеткердің суға түсуге рұқсат етілмеген аумақта болғаны анықталды. Кісі өлімінің нақты себептері тексеріліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.