Облыс әкімінің ақпаратына сай, бүгінгі күні азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорында қант бар, ол сауда желілері арқылы сатылымға шығарылады.
«Аталған сауда желілері қантты шектеулі мөлшерде ғана сатып отыратын болады, бұл тауардың облыстан шығарылуын болдырмайды. Сонымен қатар «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы жақын арада қант сатып алынады. Қосымша басқа елдерден қант кіргізу қарастырылып жатыр. Одан бөлек, қант сатып алу үшін 850 миллион теңге көлемінде қаражат бөлуге тапсырма бердім», - деді А. Мұхамбетов.
Оның айтуынша, бұл бағытта өңірде бірқатар шара қабылданып жатыр. Сонымен қатар қалалар мен аудандардың әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жасап отыр.
Авторы: Жанна Мұсабаева