Қостанай облысында қар құрсауынан 87 адам құтқарылды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолында, Пушкин кентінің маңында пайда болған қалың қар құрсауынан құтқарушылар 17 жүк мәшинесі мен 18 жеңіл көлікті, 87 адамды құтқарды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жолды қалың қардан тазартуға «Қазақавтожол» РМК-нің 3 техникасы және 8 адамы жұмылдырылды.