Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Штаб отырысында облыстық полиция департаментінің бастығы, Лисаков қаласының және Қостанай ауданының әкімі қазіргі ахуал туралы ақпарат берді. Сондай-ақ өңір басшысына мониторингтік топтардың жұмысы баяндалды.
Жедел штаб әкімдер мен департамент басшыларының ұсыныстарын қарап, карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, тамақтану объектілері дүйсенбі-сенбі күндері сағат 8-00 ден 23-00-ге дейін жұмыс істейді. СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, жабық спорт ғимараттарының және фитнес-орталықтардың жұмысы жанданады. Аталмыш әлеуметтік нысандардың жұмыс режимі сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін белгіленді. Сонымен қатар төмендегідей жеңілдету шарадары енгізілді:
1. Жабық азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысына дүйеснбі-сенбі күндері 10-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беру;
4. Аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда және ойын-сауық орталықтары, жексенбіні қоспағанда, барлық күні 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді;
5. Бұқаралық іс-шаралар өткізбей, толымдылығы 30%-дан аспайтын діни объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат беру;
6. Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 06-00-ден 23-00-ге дейін қалалық қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат беру.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарын КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұрады. Егер тұрғындар сақтық шараларына салғырт қараса, қайтадан қатаң карантин енгізілуі мүмкін.