Қарабалық аудандық басылымының хабарлауынша, қарттар және мүгедектер үйінің тұрғындары мектеп жанындағы «Жас талап» интернатында орналастырылып жатыр.
Ал ерекше күтімге мұқтаж адамдар аудандық ауруханаға жатқызылды.
Өрт туралы таңғы 7:30-да хабар келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде ғимараттың шатыры қатты жанып жатқан.
«Қарабалық аудандық Қарттар және мүгедектер үйінен 51 адам эвакуацияланды. Бұл – облысымыздың мүгедектігі бар 13 адам мен 38 қария», - деп баяндады облыстық ТЖД бастығы Біржан Кәрімов.
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оның шығу себептері әзірге белгісіз.
Өрт сөндірушілер оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр.