Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті (қаржы полициясы) қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың үшінші кезеңі аяқталды.
ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметінше, аймақтық аттестаттау комиссиясының жұмыс қорытындылары өткізілді. Осы комиссиядан 150 қызметкер аттестаттаудан өтуі тиіс болатын, нақтырақ 139 қызметкер өтті, 5 қызметкер сырқат бойынша уақытша еңбекке жарамсыз және іссапарда болғандарына байланысты аттестаттаудан өткен жоқ. Кезектен тыс аттестаттауды өткізу қарсаңында 6 қызметкер қаржы полициясы органынан өз еріктерімен жұмыстан шықты.
Ағымдағы жылғы 3-16 тамыз аралығы кезеңінде аттестаттаудан өтетін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін анықтайтын тестілеуден, логикалық ойлау, шымырлық және жауынгерлік дайындық бойынша сынақ тапсырды, сонымен қатар, психологпен сұхбаттасудан өтті.
Комиссия жұмысын Департамент бастығы қаржы полициясының полковнигі Ж.Сабыржанов бастады. Комиссия құрамына Департамент бастығының орынбасарлары және басқарма бастықтары, сонымен қатар «Қаржы полициясы органдарының ардагегерлер ұйымы» ҚҰ Қостанай облысындағы филиалының төрағасы Д.Қабылтаев кірді. Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары қаржы полициясының полковнигі А.Ж. Боданов қатысты.
Қызметкерлермен сұхбаттасу қорытындысы бойынша келесі нәтижелер алынды:
1) 17 қызметкер атқарып отырған лауазымына лайықты және кадрлық резервке қабылдауға немесе жоғарғы қызметке жоғарлату үшін ұсынылды;
2) 102 - атқарып отырған лауазымына лайықты деп танылды;
3) 11 - атқарып отырған лауазымына лайықты емес және қызметте төмендетуге ұсынылды;
4) 1 - атқарып отырған лауазымына лайықты емес және басқа қызметке (лауазым) ауыстыруға ұсынылды;
5) 8 - атқарып отырған лауазымына лайықты емес және қаржы полициясы органдарынан босатылуға ұсынылды.
Аймақтық аттестаттау комиссиясында қызметкерлермен сұхбаттасудан өту кезінде сынақтан өту және психологпен сұхбаттасу, физикалық және атыс дайындығы нәтижелерінен басқа аттестаттаудан өтетін қызметкерлердің жедел-қызмет жұмысының нәтижелері есепке алынды.