Борышкер әке өзінің екі баласына ай сайынғы табысының жартысын аударып отыруға міндеттелген, деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Алайда ол алимент төлеуден бас тартқан. Сонымен бірге, борышкер сот бұйрығын назарға ілмеген. Оның алимент бойынша қарызы 915 мың теңгеге жетті.
Сот борышкер әкені екі тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындады.