Қостанай облысында кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына дауыс берушілердің 93,8 пайызы қатысты

ҚОСТАНАЙ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысында Президент сайлауында дауыс берушілердің 93,8 пайызы қатысты.

Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың ақпаратына сүйенсек, сайлауға қатысқандардың жалпы саны 527 мың 789 адамды құрады.