Қостанай облысында киіктердің жаппай қырылуының алдын ала нәтижесі белгілі болды - ҚР АШМ
Амангелді ауданының әкімдігімен аумақта төтенше жағдай жарияланды. Оқиға болған жерде Қостанай облысы әкімінің орынбасарының басшылығымен штаб құрылды.
Оқиға орын алған аймаққа демалыс күндері ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ерлан Нысанбаев және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев келіп жетті. Олар киіктердің қырылу аймағын әуе көлігімен қарауда.
Бүгін Амангелді ауданында жануарлардың қырылу себептерін анықтау және олардың өлу салдарын жоюға қатысты шараларды қабылдау мәжілісі өткізіледі.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының ақпаратына сай алдын ала себеп пастереллез ауруы болып отыр.
Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына ҚР АШМ аумақтық бөлімшелерімен әкімшілік қызметкерлері қатысуда. Бүгінде 5,3 мың киік жойылды. Бұл жұмысты жүргізу аймақтағы желмен қосылған қатты жауын қиындата түсті. Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына барлығы 458 адам мен 21 бірлік арнайы техника қатыстырылып отыр.
Айта кетейік, пастереллез - жануар ағзасының табиғи резистенттілігінің төмендеуінен пайда болатын жұқпалы ауру.