Өңірдің бас санитар дәрігерінің шешімімен қалааралық, облысішілік қоғамдық көліктер, шағын автобустардың кедергісіз қозғалуына рұқсат берілді. Бұл ретте көлік орындары 75%-ға дейін толықтырылады. Сондай-ақ жолаушылар қоғамдық көлікке маскасыз жіберілмейді және көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңделуі тиіс.
«Қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысы жексенбі күндері тоқтатылады. Рудный қаласының маршруттарына (№ 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200) кен байыту орны қызметкерлерін тасу үшін сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін тасымалдауға рұқсат берілді. Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын 2021 жылғы 10 қаңтардан бастап сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді Автобустарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режим қатаң сақталады», делінген қаулыда.