Қостанайдан Түменге бара жатқан рейстік автобус та апатқа ұшырады. Затоболь кентіне кіреберісте көлік артқы бөлігімен жол жиегіне сырғып кетті. Арнайы қызмет автобусты эвакуациялады, жолаушылар аман-есен.
Әкімшілік полицияда атап өткендей, апаттың көбеюіне көлік иелерінің қысқы резеңкені уақтылы ауыстырмауы да себеп болуда.