Қайғылы оқиға 14 қазан күні Жітіқарадағы Уәлиханов-Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған. Сағат 01.30 шамасында «Лада» автокөлігінің жүргізушісі 36, 55, 51 жастағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Күдікті оқиға орнынан қашып кетпекші болған. Алайда, тəртіп сақшылары оны «ізін суытпай» ұстады.
Ауыр дене жарақаты салдарынан 51, 55 жастағы облыс тұрғындары Жітіқара аудандық ауруханасында қаза тапты. Үшінші зардап шегуші ауыр халде жатыр.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 345 бабы, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.