Қостанай облысында көлік жылу трассасына соғылып, жүргізуші мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.