Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 4 адам да Жітіқара қаласынан

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында анықталған 4 адам да Жітіқара қаласының тұрғындары болып шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетік комиссияның Жедел табына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт азаматтың екеуі — 1972 және 1993 жылы туған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдардың көршілері, қалған екеуі — 1975 және 1998 жылғы азаматтар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 4 адамнан да COVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығына шағымы жоқ. Аталған азаматтар оқшауланды және тиісті ем-дом қабылдап жатыр.

Олардың қатынасқан адамдарын анықтап, оқшаулау жұмыстары қолға алынған. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 19 адам бар.

https://www.coronavirus2020.kz/kz