Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүкті келіншек Сovid-19 вирусын жұқтырып, ауруханаға түскен. Әйел бүгін аман-есен босанды.
«Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Әйел арнайы стационарда, еш қиындықсыз босанды. Сәбидің салмағы – 4,7 келі, бойы – 59 см. Қазір екеуі де оқшаулағыш бөлмеге көшірілді. Дәрігерлер қорғаныш құралдарын киіп, қызметін атқарды» - делінген ведомствоның ақпаратында.
Айта кетейік, бүгінгі жағдай бойынша Қостанай облысында 10 адам індеттен жазылып шықты.