Бөлімшеде мекеме қызметкерлері осы уақытқа дейін екі түрлі қызмет түрлерін көрсеткен – еңбек мигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін создыру.
2020 жылы Қазақстанда бұл қызметтерді ХҚО-ларға беру туралы пилоттық жоба іске қосылған. Жобаға Қостанай облысы да қатысқан. Енді бұл тәжірибе республика көлемінде енгізілді.
«Қазіргі кезде еңбек мигранттарына рұқсат беру және оның уақытын создыру қызметтері ХҚО арқылы еліміздің барлық облыстары, қалалары мен аудан орталықтарында жүзеге асырылады. Бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мен ІІМ-нің көші-қон қызметінің ақпараттық жүйелері біріктірілген. Сол арқылы «бір терезе» аясында бастапқы және дайын құжаттарды тапсыру тәртібі жеңілдетілген», - деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның филиалында.
Авторы Жанна Мұсабаева