Облыста 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 13 жоба іріктеліп алынды, олардың алтауы іске асырылса, 7 жобаға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
«Жүзеге асырылған алты жоба Таранов ауданында энергия үнемдейтін жылу жабдықтары, Қостанайдағы Болотов жел роторлық турбинасы, Лисаков қаласындағы күн аккумуляторлары. Сондай-ақ, Наурызым ауданында саябақты жарықтандыратын жел-күн электр стансасы, Әулиекөл ауданындағы күн сужылытқыштары және Денисов ауданындағы гибридті жел электр стансасы бар. Ол 2018 жылдың мамырында орнатылған. Электр энергиясын үнемдеу жылына 110 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары.
Қазір 7 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың бірі - Қостанайда JAC электромобильдерінің өндірісі.
«Төртінші және бесінші жобалар - Лисаков пен Арқалықтағы энергия және газ өндірісі. Бұл жоба сәтті жүзеге асырылса, «Лисаковскгоркоммунэнерго» ұйымы айына 3,3 млн теңге газды үнемдемек. Алтыншы жоба - Қамысты ауданындағы қуаттылығы 3 кВт құрайтын жел-күн электр стансалары. Ол 2018 жылы желтоқсанға дейін орнатылмақ. Жетінші жоба - Қостанай ауданында жағажайдың бойына «СМАРТ орындықтар» орнату», - деді М. Мырзалиев.