Қостанай облысында күйік шалған сәби ауыр халде жатыр

None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысында отқа күйіп қалған 10 айлық нәресте ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәресте Қостанай облыстық балалар ауруханасына 13 қыркүйекте түскен.

«Сәбиді Әулиекөл ауданынан алып келді. Денесінің 40% күйік шалған. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Нәрестеге ота жасап, емдегеннің өзінде, салдары нашар болуы мүмкін», - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий. 

Дәрігер ата-аналарды балаларын үнемі назарда ұстауға шақырады.

Еске салайық, облыс бойынша мұндай жағдай бір аптаның ішінде екі рет қайталанып отыр. 18 қыркүйекте Аманкелді ауданында сәби ыстық суға күйіп, қайтыс болды.