Қостанай облысында мал бағып жүріп жоғалып кеткен 24 жастағы шопан табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық құтқарушылар адасқан шопанды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амангелді ауданында құтқарушылар жоғалған шопанды іздеуге шықты.

13 ақпан күні сағат 03:10-да Қабырға ауылдық округі Жарықүй қыстағында жоғалып кеткен қойшы туралы хабар келіп түсті.

Сағат 10:00-де 24 жастағы жас жігіт табынға шығып, қайтып оралмаған екен.

Бүгін сағат 14:00-де құтқарушылар Жарық қыстауынан 30 шақырым қашықтықта жоғалған шопанды тапты.

Жігіт қатты боранның салдарынан жолды жоғалтып, дұрыс бағыт таба алмаған. Бағымызға орай, оның жағдайы жақсы және медициналық көмекке мұқтаж емес.

Құтқарушылар оны Амангелді ауылына жеткізді.

Құтқаруға жеке құрамның екі адамы және бір техника жұмылдырылды.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге көмек қажет болса, «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.

Құтқарушылар сізге әрдайым көмекке келуге дайын.