Қостанай облысында мас жүргізуші бетонды қабырғаға соғылды, 2 адам көз жұмды
19:35, 04 Сәуір 2012
ҚОСТАНАЙ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Сарыкөл аудан орталығында мас жүргізушінің кінәсімен болған жол-көлік апатының салдарынан екі адам көз жұмды.
Апатқа ұшыраған «Тойота» көлігінде жүргізішіден басқа үш жолаушы болды, деп хабарланды Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Оқиға сағат 15.00-де орын алды. Алкогольге масайған 27 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, бетонды қоршауға соғылды. 1991 жылғы екі жолаушының бірі алған жарақаттардан оқиға орнында, екіншісі ауруханада көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен жүргізуші айтарлықтай жарақаттанбаған», - деді Қостанай облысы ІІД басқармасының басшысы Елена Кашарина.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама белгіленді. ІІД баспасөз қызметінің берген ақпаратына сүйенсек, Қостанай облысында жылдың басынан бері 10 адам қаза болып, 168 адам жарақат алған 120 жол-көлік апаты тіркелген.